Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
мамыр
2024

2023-2024 оқу жылдағы өзін-өзі бағалау

2023-2024 оқу жылы


Алматы қаласы Білім басқармасының «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы  №190   ЖББМ» КММ-нің

2023/2024 оқу жылындағы ОТЖ жылдық талдауы

Кіріспе

Қазіргі жағдайда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ортадағы өзгерістер мектепке жаңа талаптар қояды. Қоғам мектеп алдына басты мақсат қояды – әрбір оқушының өз мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім алуына қажетті жағдайларды жасау және үнемі жақсарту, барлық оқушылардың өзін-өзі анықтау мүмкіндігін беру.

Қазіргі қоғамда ерекше ойлау қабілеті бар, шығармашыл, белсенді, өзіне жүктелген мәселелерді дәстүрлі емес жолмен шешуге, жаңа, келешегі зор мақсаттарды тұжырымдауға қабілетті адамдарға деген қажеттілік артып келеді. Жаппай білім беруге көңіл бөлу интеллектуалдық ресурстарды дамыту мүмкіндігін азайтты, тек Қазақстандағы заманауи білім беру реформасы ғана дарынды балаларды қолдауға тағы да бет бұруға мүмкіндік берді, өйткені дарынды жастар – болашақ ұлттық, кәсіби элита қатарына енеді.